«Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!»

Жарияланған күні: 13-06-2022  



02-08-2022  

"Эко-өмірге бес қадам"

iconБілім алушылардың экологиялық дүние танымдарын қалыптастыру, эстетикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілген облыстық "Эко-өмірге бес қадам" облыстық қашықтық байқауының "Судың да сұрауы бар!" номинациясы бойынша 6 сынып оқушылары Ақберген Ержігіт,Сәрсенбай Жандос ІІ дәрежелі дипломмен , "Табиғатпен дос бол!" номинациясы бойынша 6 сынып оқушылары Әбіл Кәусар, Мектепбай Асылай ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі: Аманова Самал. Құттықтаймыз! 

21-07-2022  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

iconСыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта әлемнің барлық дерлік елдерінде өмір сүруде. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығы Мемлекет басшысымен нақты белгіленген. 

13-07-2022  

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР

iconҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерін пайдалану үшін ұсынады: -қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары; -сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары; -барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы; -жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы; -еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы; -тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты. #Қазақтілімемлекеттіктіл 

17-06-2022  

"Ұлт ұстазымен үндесу"

icon"№7 жалпы білім беретін мектеп" КММ оқушылары, Ахмет Байтұрсынұлы нақыл сөздері бойынша "Ұлт ұстазымен үндесу" тақырыбындағы бейнежолдауы. #AHMETBAYTURSUNULIKAZAKHSTAN #AHMETBAYTURSUNULI150 #AHMETBAYTURSUNULI2022 

15-06-2022  

"Болашақ" жазғы демалыс лагері

icon15.06.2022 ж "Болашақ" жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға лагерь туы кіргізіліп, әнұраны орындалды. Салтанатты жиында мектеп директоры бүлдіршіндерге құттықтау тілегін айтты. Топтар рапорт тапсырып, өздерін таныстырды. Лагерь демалушылары өз өнерлерін көрсетіп, лагерь тәрбиешілері де ерекше көңіл - күй сыйлау мақсатында ән шырқап көрермендерге қызықты сәттер сыйлай білді. "Болашақ" жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанатына қатысқан ата - аналар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты. #балажылы2022 #қарақияауданы #балаеңбегі12күн #годдетей2022 

14-06-2022  

"Жұлдыздар жарқырайды"

icon14.06.2022 күні "Болашақ" жазғы демалыс лагерінде "Жұлдыздар жарқырайды" пародия сайысы өтті. Әр топ өз өнерлерін көрсетіп, номинацияларға ие болды. 1. "Мұрагер" тобы - Ерке Есмахан, Серік Ибрагимов, Диета KZ, Мақпал Жүнісова әншілерімізге пародия жасап, "Ең үздік пародия" номинациясына ие болды. 2. "Жұлдызша" тобы - Дос-Мұқасан тобына ерекше пародия жасап, "Ең үздік қойылым" номинациясына ие болды. 3. "Жас Қыран" тобы - Беркеут пен Айша жұбына пародия жасап, "Ең үздік әртіс" номинациясына ие болды. Жұлдыздар лагерь демалушыларына керемет күн сыйлады. #балажылы2022 #қарақияауданы #балаеңбегі12күн #годдетей2022 

13-06-2022  

«Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!»

icon«Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!» жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын,бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың кешенді бағдарламалары іске асырылып мектеп жанынан ашылған «Тіл дамыту» атты үштілділік үйірмесіне қатысушы оқушыларымыздың арасында «Article a/an» белгісіз артикльдер тақырыбында сабақ өткізілді.Сабақ барысында АКТ-ны қолдану арқылы әр түрлі платформадағы тапсырмаларды орындап, бейне материалдар көрсетіліп,оқушылармен кері байланыс жасалды.Жетекшісі:Қален С. «Көшбасшылық» атты кәсіптік үйірмесінің оқушылары өздерінің шығармашылық шеберлігін шыңдап «Отбасы бақыт мекенім» тақырыбында әр оқушы өз отбасылары туралы суреттер салды.Кәсіптік үйірме жетекшісі:Аманқосова Э. «Спорт-денсаулық кепілі» атты спорттық үйірмесінің оқушылары «Мергендер», «Допты түсірме» тақырыптарында оқушыларымыз бір-бірімен жарыса сайыс ойындар ойнап,аптаның алғашқы күнің қызықты өткізді.Спорттық үйірмесінің жетекшісі:Бисенова С. 

10-06-2022  

"Үлес және бөлшек туралы түсінік"

icon«Жазғы мектеп-2022" Мектебімізде жазғы мектеп өз жұмысын жалғастыруда. Бастауыш пәні мұғалімі Дана Ержігітова "Үлес және бөлшек туралы түсінік" тақырыбында 3 сыныптарға сабақ өткізді. Сабақ барысында АКТ-ны қолдану арқылы бейне материалдар көрсетіп , түрлі тапсырмаларды орындатқызып,оқушылар кері байланыс жасады. Негізгі пәндермен қоса,танымдық шаралар,психологиялық тренингтер ұйымдастырылып өткізілуде. Жоспарға сәйкес мектебіміздің педагог-психологы 06.06-10.06.2022ж күндері аралығында Кулмаганбетова Күнсұлу оқушылармен « Егер осылай болса...», «Ине мен жіп», «Гүл», «Сиқырлы дөңгелек» тақырыптарында психологиялық тренингтер өткізді. Мақсаты:Балаларды бір-бірімен жақын таныстыру, қатысушылар арасында жақсы түсінушілік,достық қарым-қатынас орнату және тренингке жақсы көңіл күйлерін , ойларын білдіру.Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. #балажылы2022 #қарақияауданы #балаеңбегі12күн #годдетей2022 

09-06-2022  

Көңілді жаз.

icon"Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!" тақырыбында тілдік,спорттық, кәсіптік лагерьлері жоспарға сәйкес өз жұмыстарын жалғастыруда.Оқушылар лагерьге белсене қатысып,қызықты уақыттарын өткізуде.  #балажылы2022 #қарақияауданы #балаеңбегі12күн #годдетей2022 #қазақстанбалаларыжаздықуанышқатолтырайық 

08-06-2022  

"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"

icon"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" акциясы барысында балалар арасында флешмоб билеу өткізілді. Шараның басты мақсаты бақытты балалық шақтың көңілді сәттерін жарнамалау болды. 

Соңғы жаңалықтар

"Эко-өмірге бес қадам"

Білім алушылардың экологиялық дүние танымдарын қалыптастыру, эстетикалық және шығармашылық қабі ...

02 тамыз 2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта әлемнің барлық дерлік елдерінде өм ...

21 шілде 2022
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР Қазақстан Республикасы ...

13 шілде 2022
"Ұлт ұстазымен үндесу"

"№7 жалпы білім беретін мектеп" КММ оқушылары, Ахмет Байтұрсынұлы нақыл сөздері бойынша "Ұлт ұстазы ...

17 маусым 2022
"Болашақ" жазғы демалыс лагері

15.06.2022 ж "Болашақ" жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға лагерь туы кірг ...

15 маусым 2022