Жарияланған күні: 14-06-2022
13-09-2021 "Отбасы- бақыт мекені"

ҚР Президенті Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні болып 2013 жылдан бері аталып келеді. Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата – ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата – анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.
Атаулы мерекеге байланысты мектебіміздің оқушылары отбасы күні мерекесіне құттықтау сөздерін, отбасы туралы видеоларын жолдады.
Мақсаты: Отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсуге, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
13-09-2021 "Отбасы және поэзия"

Оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлін және оның патриоттық дүниетанымын арттыру мақсатында 2-3 сынып оқушылары арасында "Отбасы және поэзия" кешін Ж. Рсалиева ұйымдастырды. Поэзия кеші барысында І орын 3 "А" сынып оқушысы Сахарбай Санжар, ІІ орын 2 "Б" сынып оқушысы Турдыбек Дильназ және 3 "Б" сынып оқушысы Измұрат Жанерке, ІІІ орын 3 "А" сынып оқушысы Шопан Маусымжан ие болды.
03-09-2021 "Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға"

"Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға",дегендей 33 жыл еңбек өтілі бар, мектебіміздің майталман,білікті де білімді тарихшысы,педагог-зерттеуші,көптеген шәкірттер шығарған аяулы да ардақты ұстаз,жас мамандарға үлгілі тәлімгер Аманшаева Жұлдыз Нұрлыбайқызы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетовтың "Құрмет Грамотасымен"марапатталды.Жұлдыз Нұрлыбайқызының білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары,ерен еңбегі бағаланғаны зор мәртебе.Ұстазымызға тек биік жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз.Осындай абзал,абыройлы ұстаздарды мақтан тұтамыз.Құттықтаймыз!
01-09-2021 Кел, балалар, оқылық!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке 1 қыркүйек -Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек білім күнінде 1 сынып бүлдіршіндеріне арналған "Кел, балалар, оқылық! атты салтанатты жиыны болып өтті!
Биыл жаңа оқу жылында мектебімізге 1- сыныпқа, 78 оқушы қабылданды.
1 қыркүйек -барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы мектеп табалдырығын алғашқы аттаған қадамдарыңыз сәтті болсын!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс , мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
27-08-2021 "№7 жалпы білім беретін мектеп"КММде бос орындарға жұмысқа қабылдау комиссиясының отырысы өтті.

"№7 жалпы білім беретін мектеп"КММде бос орындарға жұмысқа қабылдау комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия төрайымы Шаукенова Б. жұмысқа қабылдау бойынша, комиссия мүшелерімен бірлесе отырып келген үміткер мамандарды жұмысқа қабылдау туралы ережемен таныстырды.
Конкурсқа келген 3 маман жеке-жеке қабылдаудан өтіп, өз пәндері бойынша ситуациялық сұрақтарға жауап берді.Соның ішінде екі маман талапқа сай келгендіктен тұрақты жұмысқа қабылданды.
1. Набыева Жансия - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2.Зершал Жаңылсын- математика пәні мұғалімі.
Ұсыныс:
Комиссия мүшелері бір ауыздан оң нәтиже көрсеткен мамандарды жұмысқа қабылдады.
26-08-2021 Жалпыреспубликалық "Мектепке жол" акциясы

2021-2022 оқу жылында "№7 жалпы білім беретін мектеп"КММ-де Жалпыреспубликалық "Мектепке жол" акциясы ұйымдастырылды.Акцияның мақсаты: әлеуметтік жағдайы нашар отбасы балаларына қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты, балалардың мектепке келмей қалу жағдайын болдырмау, оларға қолдау көрсету.
Акцияны қолдап, мектебімізде аз қамтамасыз етілген отбасы балалаларына көмек беру мақсатында, "ЖМГӨБ "қарасты №13 ұңғылау бригадасы қызметкерлері 5 отбасына 34000 теңгеден қаржылай көмектесті.
"OSC" мекеме қызметкерлері екі отбасына 25000 теңгеден қаржылай көмек берді.
Ауыл тұрғыны қамқоршылық қеңес мүшесі Ж.Карабалин бір отбасына 68000 теңгеден қаржылай көмектесті.
Ауыл тұрғыны Тулепов Талғат 1 отбасына 30000 теңге қаржылай көмек берді.
Аталған мекеме қызметкерлерімен ауыл тұрғындарына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.
24-08-2021 "Мектепке жол"

2021-2022 оқу жылы "Мектепке жол" республикалық акция аясында, №7 ЖББМ КММ әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында жалпыреспубликалық "Мектепке жол" акциясына сіздерді де атсалысуға шақырады.
17-08-2021 Хабарландыру
05-07-2021 "Елорда тарихы- ел тарихы"

"Қазақстан балалары- жазды қуанышқа толтырайық!" демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында "Елорда тарихы- ел тарихы" тақырыбында "Нұр-сұлтан деп соққан жүрегім" балалар сурет конкурсы ұйымдастырылды.
Сурет байқауының қорытындысы:
1 орын - Жетпісбай Гаухар
2 орын - Набыева Әсемай
3 орын- Сүйеген Инабат
21-06-2021 7 Жалпы білім беретін мектепте орналасқан өзін-өзі тану бұрышы.