Жарияланған күні: 14-06-2022
10-12-2021 «Бұйым өру» ашық сабақ

«Тәуелсіздіктіктің ақ таңы» тарих және эстетика пәндері апталығында ұлттық мәдениетімізді дамыту, қалыптастыру мақсатында көркем еңбек пәні мұғалімі Аманқосова Эльмира 5«а» сыныбына «Бұйым өру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар қарапайым бұйымдардан тоқу, өру техникасын үйренді.
#Qazaqstan30
#Тәуелсіздікке30жыл
06-12-2021 «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты тарих және эстетика пәндері апталығы

2021-2022 оқу жылында 06.12.2021-10.12.2021 аралығында өтетін «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты тарих және эстетика пәндері апталығының ашылу салтанаты өтілді.
Мақсаты:Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, еліміздің өткеніне,ертеңіне көз жіберіп шолу жасау.Өз еліміздің тарихын,тілін салт-дәстүрін,әдебиетін қадір тұтып,құрметтеу.Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу-біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру.Оқушыларға патриотық тәрбие беру.Еліне,Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
#Qazagstan30
05-12-2021 Жиналыс

Оқушыларға никотиннің зияндығын түсіндіру, оқушыларды салауатты өмірге жетелеу, денсаулықты сақтау улы заттардың адам ағзасын уландырып, тоздыратынын айтып түсіндіру, қатерлі заттардың қатарын азайту мақсатында мектебіміздің директоры, әлеуметтік-педагогы, психологы, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарының қатысуымен 8-9 сыныптар арасында жиналыс өткізілді.
Жастар арасында вейп шегетіндердің саны күн сайын артып келеді. Әсіресе оқушылар мини-кальяндарға қатты қызығады. Өйткені вейп темекі секілді емес, хош иіс шығады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті. Осыған байланысты Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымы өз ұсынысын жариялаған. Вейптің қауіпті және оған салынатын шектеулер туралы ақпараттар берілді.
03-12-2021 "Домбыра-дастан"

"№7 жалпы білім беретін мектеп" КММ -де 2021-2022 оқу жылында "Домбыра-дастан" үйірмесі жұмыс жасайды. Қазіргі таңда "Домбыра дастан" үйірмесіне мектебімізден 5-7 сынып оқушыларынан 20 оқушы қатысады. Үйірменің жылдық жоспары жасақталып, оқушыларымыз домбыра құрылысы, ноталармен танысып, "Кеңес" халық күйін меңгеруде. Үйірме жетекшісі М.Карагулова.
02-12-2021 "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"

Бүгін мектебімізде 9-10 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында 9 "А" сыныбына А.Ерназарова "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес", 9 "Ә" сыныбына А.Танауова "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ", 10 "Ә" сыныбына С.Епенова "Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
29-11-2021 "Дарын"

2021 жылдың 27 қараша күні Маңғыстау облысы білім басқармасы "Дарын" облыстық қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен мектебіміздің 9 - сынып оқушысы Бердыхожа Фарида 3 - орын иеленді. Жетекшісі - Мысамбаева Гүлбаршын.
Құттықтаймыз!!!
25-11-2021 Сыбайлас жемқорлық жалпы ата-аналар жиналысы
23-11-2021 "Рухани тәрбие -адамгершілік негізі"

23-қараша күні жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай мектеп фойесінде "Рухани тәрбие -адамгершілік негізі" тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.Көрмеге Ыбырай Алтынсариннің "Өнер, білім бар жұрттар", Абай Құнанбаевтың шығармалары мен қара сөздері, Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы", Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" кітаптары,Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары және "Ер төстік" ертегілер кітаптары қойылды.Осы шығармаларда адам бойындағы негізгі құндылықтар туралы айтылады.Оқырмандар сіздерді осы шығармаларды оқуға шақырамыз.
Көрменің мақсаты: оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру ,ой-өрісін дамыту, кітап оқу арқылы адамның бойындағы асыл қасиеттердің даритындығын , адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп ,әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастыратынын балаларға түсіндіру.
23-11-2021 "Балалықтың бал шағы" атты тренинг

Жалпыадамзаттық құндылықтар күні аясында 23 қараша қүні өзін-өзі тану пәннің мұғалімі Серік Дана 4-сыныптарға "Балалықтың бал шағы" атты тренинг сабақ өткізілді.Тренинг барысында оқушылардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды, жақсы қасиеттерін дамыту.
23-11-2021 "Жалпыадамзаттық құндылықтар-тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі"

Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін өткізу аясында 2021 жылдың 23 қарашасында мектеп педагогтерінің қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған "Жалпыадамзаттық құндылықтар-тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі" тақырыбында мектеп психологы Бағдабаева Несібелі шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағына мектеп мұғалімдері қатысты.Шеберлік сабақтың соңында мектеп психологы Кульмагамбетова Күнсұлу тренинг өткізіп мұғалімдердің көңіл күйі көтерілді.