Жаңалықтар
18-06-2021 "Менің әкем-ең жақсы»

20 маусым-Халықаралық әкелер күні.
Әкелер күніне арналған "Менің әкем-ең жақсы» атты бейнероликтер презентациясы өтті. Мақсаты: Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту, ұлттық салт –дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкені сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.
1 "Б" сынып оқушылары Қонарбай Әйгерімнің, Базарбай Айсұлтанның презентацияларын ұсынамыз.Сынып жетекшісі Казбекова Динара
18-06-2021 "Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!"

"Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!"
15 маусым күні Адамгершілік-рухани, отбасылық бағыты бойынша Рсалиева Ж. мен Халжанова А. ұйымдастыруымен «Біздің отбасымыздың бір күні» атты фото көрмесі өтті.Жоба мақсаты болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
18-06-2021 «Бала қауіпсіздігі» «Судағы қауіпсіздік ережесі» тақырыбында онлайн, офлайн форматта 1-11 сынып оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізілді.

17 маусым күні «Бала қауіпсіздігі» «Судағы қауіпсіздік ережесі» тақырыбында онлайн, офлайн форматта 1-11 сынып оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жаз басталысымен жүздеген адам су қоймаларына демалуға шығады. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін,сақтық шараларын сақтау туралы айтылып өтті.
Судағы қауіпсіздік ережесі
1.Суға түскенде ата-ананың немесе құтқарушының бақылауында бол.
2.Күнге қатты күйіп қалмау үшін күннен қорғайтын крем мен жаздық қалпағыңды ұмытпа.
3. Тайғанап, суға құлайтын жерлерде жүгіріп, ойнама.
4. Таныс емес аймақта сүңгіме.
5. Жүзу білмесеңіз, суға белден аса тереңдікке бармаңыз.
6. Суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады
7. Егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;
8. Су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;
9. Суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек.
10. Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;
18-06-2021 «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ»

20 маусым - Халықаралық әкелер күні. ХХ ғасырдың басынан бастап маусымның үшінші жексенбі күні әлемнің 52 елі Халықаралық әкелер күнін атап өтеді.Осы күні отбасылық кештер әке мен балаға арналған, сондай-ақ, жасы үлкен ер адамдарға құрмет көрсетіліп, еске алу кештері ұйымдастырылады.
Әке – отбасының асыраушысы, тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алып өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын қазақ атамыз сыйғыза білген. Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ болмайды.Ана атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің өз перзентіне үйретері көп. «Әкеге бағыну-тәңірге бағыну» деп әкені жоғары бағалауымыз қажет.
16-06-2021 «Спорт әлемінде» спорттық эстафеталық жарыс өтті.

20 мамыр мен 20 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала - бақытты ел» атты республикалық акция аясында 15 – маусым күні «Спорт әлемінде» спорттық эстафеталық жарыс өтті. Мақсаты: балаларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Жарысқа «Қыран», «Достық», «Жалын» атты командалар қатысты.
Жарыс барысында балалар бір-біріне таяқша жалғастыру, таяқтың екі ұшын жерге тигізу арқылы қозғалу, себетке доп лақтыру, белгіленген жерге доп үстінде секіре жетіп, арқан тартыс тәрізді ойын түрлері бойынша өзара сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша «Достық» тобы бірінші, «Қыран» тобы екінші, «Жалын» тобы үшінші орынға ие болды.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
15-06-2021 «Кездескенше күн жақсы» атты жабылу салтанаты өтті.

«Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!»
15-маусым күні жазғы танымдық лагерінің «Кездескенше күн жақсы» атты жабылу салтанаты өтті. Жабылу салтанатына барлық үйірмеге қатысқан оқушылар белсене қатысты. Концерттік бағдарлама мен қоса көңілді ойындар ойнатылды. Балалар лагерден көтеріңкі көңіл – күймен қайтты. Лагердің жабылу салтанаты дәстүрлі түрден ерекше өткізілді. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән – биге ұласты. Қорытынды бағдарлама соңында лагердің үздік деген белсенділері мадақтамалармен марапатталды.
Лагерь жұмысы алға қойған мақсат міндеттерін толығымен орындады.
14-06-2021 "Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!"

14 – маусым күні дебаттық үйірме бойынша Халжанова А. «Жасыл досымызды қорғайық» тақырыбында пікірталас өткізді. Мақсаты:Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға үйрету.Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.
Спорттық шаралар бойынша Бисенова С. мен Ерназарова М. ұйымдастыруымен командалар арасында «Көңілді старт!» эстафеталық жарыс өтті. Мақсаты: балалардың спортқа деген қызығушылығын көтеру, ойын барысында балалардың ынтымақтастығын арттыра отырып, адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойынға қатысушылардың өзін-өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерін дамыту арқылы дағдылық қабілеттерін қалыптастыру.
Шет.тілі үйірмесі бойынша Қален С. «Менің қарындаштарым мен бояуларым» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты:балаларға жаңа сөздердің көмегімен сабақты түсіндіру, меңгерту, өткен материалды қайталау, сұрақтарға жауап бергіздіру. Оқушылардың сөйлеу және ойлау дағдыларын қалыптастыру.
«Шебер қолдар» үйірмесі бойынша Кыйзатова М. «Сүйікті кітаптың иллюстрациясы» тақырыбында балаларға сурет салғызды.Балалар акварель,түрлі –түсті қарындаштарды қолдана отырып өздерінің сүйікті кітаптарына иллюстрация салды.
11-06-2021 «Үздік штурман» ойыны өткізілді.

"Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық!" демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын,бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру іс-шара жоспарына сәйкес,Өлкетану бағыты бойынша Абатова А. мен Таңатар Ш. ұйымдастыруымен «Үздік штурман» ойыны өткізілді. Ойын мақсаты: балалар мен жасөспірімдерге жастар туризімін дамытуға, өскелең ұрпақты туризм бағытымен таныстыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету. Ойын барысында Маңғаз Маңғыстаудың қасиетті жерлеріне саяхаттап оның ерекшеліктері туралы айтып өтті. Ұмытылмас фантастикалық жерлеріне виртуалды саяхат өткізілді.
10-06-2021 «Ескерткіштер-тарих қорғаушылары»

5-маусым күні тарих пәні мұғалімі Жұмаева Г. ұйымдастыруымен «Ескерткіштер-тарих қорғаушылары» қаланың ескерткіш орындарына виртуалды саяхаты өткізілді. Оқушыларға тарихи ескерткіштер туралы мәліметтер айтылды. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның мәдени ескерткіштерін таныстыру, олардың тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру. Оқушылардың ой-өрістері мен білімдерін жетілдіру. Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.Қожа Ахмет Ясауй,Бекет ата мешіті, Шерқала, Бозжыра, Сарайшық қаласы, Қарахан ескерткіші туралы видероликтер көрсетілді.Оқушылар мен кері байланыс жүргізілді.
10-06-2021 "Ою- өрнектер"

09 маусым күні жазғы лагерь балаларымен, «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Кыйзатова М. "Ою- өрнектер"атты тақырыпта балаларға әртүрлі ою өрнек түрлерін көрсетті.
Балалар қазақ халқының мұрасы ою-өрнек тарихы туралы көптеген мәліметтер алды. Өрнек үлгілеріне қарап балалар өз шеберліктерін көрсете білді.